Жаңалықтар

Алматы марафонында екі қатысушы көз жұмды

Алматы марафонында  екі қатысушы көз жұмды

Алматыда 20 сәуір күні өткен жартылай марафон кезінде екі қатысушы көз жұмды. Екеуі де 21,1 шақырымдық қашықтықты еңсермек болған,-деп хабарлайды Kazface.kz


 

Белгілі болғандай  қатысушылар  84 жастағы Аққоян Рсалиев пен 21 жастағы Нұрбол Ахмади.

 

Аққоян Рсалиев 1-шақырымда өзін жайсыз сезініп, есінен танып қалған. Жедел жәрдем дереу жеткенімен, пульсі болмаған. Дәрігерлердің алдын ала болжамы – өкпе артериясының тромбоэмболиясы.


 

Нұрбол Ахмади 16-шақырымда есінен танып, құлаған. Оқиға орнына жеткен дәрігерлер реанимация шараларын жасаса да, оның өмірін сақтап қалу мүмкін болмады. Алдын ала диагноз – өкпе артериясының тромбоэмболиясы мен жүрек жетіспеушілігі.


 

Ұйымдастырушылар марқұмдардың туыстарына материалдық көмек көрсететінін мәлімдеді. Ресми қорытынды сот-медициналық сараптамадан кейін белгілі болады.