Билік

Алматы қаласы әкімінің орынбасары тағайындалды

Алматы қаласы әкімінің орынбасары тағайындалды

Алматы қаласының әкімі Дархан Сатыбалдының өкімімен және ҚР президенті кімшілігінің келісімімен Абзал Нүкенов Алматы қаласы әкімінің орынбасары болып тағайындалды, деп хабарлайды KazFace.kz

Жаңа орынбасар ішкі саясат, мәдениет, спорт, білім беру, жастар саясаты және дін салаларына жетекшілік ететін болады.

Абзал Нүкенов 1978 жылғы 21 шілдеде Жетісу облысында дүниеге келген. Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетін тәмамдаған, саяси ғылымдардың кандидаты.

Еңбек жолын 2000 жылы бастаған. Бұған дейін Алматы қаласы ішкі саясат департаментінде және Әуезов ауданы әкімінің орынбасары қызметтерін атқарған. Әр жылдары қауіпсіздік кеңесінің ситуациялық орталығын басқарды, дін істері және азаматтық қоғам министрлігінің вице-министрі, Қарағанды облысы әкімінің орынбасары, сондай-ақ президент әкімшілігінде басшылық лауазымдарда болған. Соңғы қызметі — президент әкімшілігінің Ішкі саясат бөлімінің меңгерушісі.

Айта кетейік, Дархан Сатыбалды Алматы қаласының әкімі қызметіне келгеннен кейін әкімдікте бірқатар кадрлық ауыс-түйістер орын алды. Бұған дейін Асем Нүсіпова, Асқар Әмрин қызметтерінен кеткен болса, Алмасхан Сматлаев пен Нұрлан Абдрахим әкім орынбасарлары болып тағайындалған еді.