Жұлдыздар өмірі

Алмас Кишкенбаев өзіне тағылған айыппен келіспейді

Алмас Кишкенбаев өзіне тағылған айыппен келіспейді

Балауса ЖАҚСЫБАЙ 

Қазақстандық танымал әнші Алмас Кишкенбаев, әкімшілік қамаудан шыққаннан кейін алғаш рет жағдайын түсіндіріп, пікір білдірді, деп хабарлайды KazFace.kz.

Әнші  өз парақшасында қиын жағдайда қолдау көрсеткен барша жанға алғысын білдіріп, кейбіреулер осы оқиғадан пайда табуға тырысқанын атап өтті. Сонымен қатар, ол сот шешімімен яғни өзіне тағылған айыппен келіспейтінін айтты.

“Мен барлық жағдай аяқталған соң, ақпаратты өзім жеткізуді қалағанмын. Ең алдымен, қиын сәтте мені қолдаған барлық адамдарға шынайы алғысымды білдіремін. Бірақ сол сияқты мені жаманаттайтын, осы жағдайдан өз пайдасын көргісі келгендер де болды. Барлық нәрсе аяқталды, құдайға шүкір. Сот шешімі бар. Заңнан жоғары емеспін, оған бағынуым керек. Бірақ, мен өзіме тағылған айыппен келіспегенмін және келіспеймін де. Тағы да айтамын: бәрі аяқталды. Осы тақырыпта маған сұрақтар қоймауды сұраймын. Бұл мәселені осымен жабамын. Денсаулықтарыңыз жақсы болсын», - деп жазды Кішкенбаев Instagram парақшасында”

Оқырмандар болса әншіні жаппай қолдап жaтыр. Олар “Жарайсың, аққа жақ”, “Басыңды төмен түсірме”, “Біз сенбейміз, еңсеңді көтер”, “Бәрі жақсы болады” деп жазды.