Жаңалықтар
4-го апреля 2022 г. 09:55
Қазақтелеком Әлия Назарбаеваның компаниясымен келісімшартты бұзады.
«Қазақтелеком» АҚ Orda.kz редакциясының сауалына берген жауабында Елбасының кенже қызына тиесілі «Instant Payments» ЖШС-мен келісімшартты бұзу рәсімі басталғанын хабарлады.
«Instant Payments-пен келісім аяқталу сатысында. Бұл компаниямен ынтымақтастықты аяқтау мерзіміне келетін болсақ, осы жылдың бірінші жартыжылдығында келісім-шарт бұзылуы әбден мүмкін», - деді компания өкілдері.
Еске сала кетейік, Назарбаевтың кенже қызы әрбір электронды теміржол билеті мен «Қазақтелекомның» қызметтерінен табыс тауып отырған.