Жаңалықтар

Алғашқы шетелдік көлік заңдасты

Алғашқы шетелдік көлік заңдасты

 

Шетелдік көлікті заңдастыру науқаны аясындағы алғашқы көлік Алматыда тіркелді.

Бүгін Алматы тұрғыны, 39 жастағы Сейілбек Олжабеков Алматыға 2019 жылы Армениядан әкелінген көлігін заңдастырды. 

-Мен – көп балалы әкемін, осы көліктің арқасында күн көремін, жеке жолаушылар тасымалымен айналысамын. Мемлекет берген осындай бірегей мүмкіндікті пайдаландым. Бұл шынымен де халықты қолдау. Біз өте ризамыз. Ақыры көлігімді заңдастыра алдым, – дейді, Сейілбек Олжабеков.

Еске салайық, бүгін, яғни, 23 қаңтар Қазақстанда шетелдік көліктерді заңдастыру науқаны басталды. Кез келген көлік иесі бұл науқанды пайдалана алады және заңдастыруға өтініш бере алады.