Әлемде 70% әйелдер адам саудасының құрбаны
Дүниежүзінде жыл сайын 25 млн адам адам саудасының құрбаны болады. Соның ішінде әйелдердің 70%-ы, деп хабарлайды KazFace.kz
Бұл туралы Елордада өтіп жатқан “Адам саудасына қарсы күресте ұлттық және халықаралық серіктестіктерді нығайту” тақырыбында өтіп жатқан халықаралық конференцияда белгілі болды.
Конференция барысында Адам саудасына қатысты жүргізілген қылмыстарға, тергеу мен қылмыстық қудалауға қатысты статистикаға шолу жасалды.
Сонымен қатар, адам саудасына және соған байланысты істерді тергеу мен қылмыстық қудалаудағы тәжірибелермен бөлісті.
БҰҰ мәліметіне сәйкес дүниежүзінде жыл сайын 25 млн адам адам саудасының құрбаны. Адам саудасындағы оның ішінде еркінен тыс еңбекке тартуда жыл сайын 150 млрд доллар қаржы айналымы жүреді. Бүгінгі іс шараның мақсаты әр мемлекеттің озық тәжірибесін зерттеу және бірлесіп жұмыс істеу. Сондай-ақ, осы жылдың бірінші жарты жылдығында ашық мәліметтерге сәйкес біздің елімізде адам саудасына қатысты 110 қылмыс тіркелген. Оны ішкі істер органдары анықтады. Елімізде көбінесе сексуалдық пайдалану мақсатында көптеген қылмыс тіркеледі.
Дүниежүзіндегі және Қазақстандағы адам саудасынан негізгі жапа шегетін жәбірленушілердің 70% әйелдер деп айтуға болады. Себебі біздің және басқа елдің азаматтары жақсы өмірді іздеу мақсатында шетелге әлеуметтік желілер арқылы жұмысқа кету туралы жарнамаларға алданып, алаяқтардың құрбаны болады. Көбінесе Бахрейн, Таяу Шығыс елдеріне кетіп жатады,- деді Бас прокуратура жанындағы құқық қорғау академиясының қызметкері Руслан Жақсылықов.