Қоғам
8-го октября 2024 г. 16:57
Балауса ЖАҚСЫБАЙ
Шымкенттің 23 жастағы тұрғыны Instagram желісінде ауыр науқас балаларды емдеуге қаражат жинап,өзінің банктік шоттарына аудартқан, деп хабарлайды Kazface.kz.
Осылайша, ол жанашыр жандардан әлеуметтік желі арқылы бас аяғы 32 млн теңге табыс тапқаны анықталды. Бұл қаражат жайлы балалардың ата-аналары беймәлім.
Алаяқ ұсталып, қамауға алынды. Тінту барысында одан VIP нөмірлері бар екі автокөлік және үлкен мөлшерде ақша тәркіленді.
ІІМ анонимділікті қамтамасыз ету үшін алаяқтар WhatsApp арқылы қоңырау шалатынын атап өтті. Аккаунтарын тіркеу SIM карталары арқылы жасырын түрде жүзеге іске асырылады. ІІМ осындай құрылғыларды анықтау бойынша шаралар қабылдауда.