Жұлдыздар өмірі

Актриса Асель Садвакасова ажырасты

Актриса Асель Садвакасова ажырасты

Қазақстандық кинопродюсер және актриса Асель Садвакасова жұбайы Мағжанмен ресми түрде ажырасқанын көпке жария етті, деп хабарлайды Kazface.kz.

Актриса  осы ақпаратпен өзінің Instagram парақшасында бөлісті. Ол 4 қазан күні  эксжұбайымен ресми түрде ажырасқаны туралы жазды.

“Бұл шешімге екіжақты бірдей келдік. Ешкім ешкімді тастаған жоқ. Бір бірімізбен ақылдасып, әр қадамымызды ойластық”, дейді Асель Садвакасова.

Одан бөлек оқырмандарына толықтай ашылып, сырын ақтарған актриса барлық болған жағдайды тізбектеп жазды.

Еске сала кетейік, осыдан бір жыл бұрын яғни өткен жылдың 13 маусымында актриса Асель мен белгілі блогер Мағжанның заңды түрде нике қию рәсімі өткен еді. Олардың тойлары дүркіреп өтті. Барлық блогерлер мен кино жұлдыздарының қатысуымен өткен еді. 

Өкінішке орай, көптің аузында жүрген жұптың ғұмыры ұзаққа бармады.