Жаңалықтар
7-го декабря 2022 г. 06:38
Қала, аудан әкімдіктері бюджеттің 1,5 - 7 млн теңге арасындағы қаражатын шырша мен жаңажылдық безендірулерге жұмсамақ. Бұл жайлы inbussines.kz ақпараттық порталы мәлім етті.
Мәселен, Ақмола облысындағы Аршалы ауданының әкімдігі биыл жаңажылдық шыршаға 3,4 миллион теңге бөліпті. Техникалық ерекшелігіне сәйкес, жасанды шыршаның биіктігі 12 метр, диаметрі 6 метрден кем болмауы тиіс.
Ал әзірге еліміздегі ең қымбат жаңажылдық атрибут Риддер қаласында болып тұр. Мұндағы бас шыршаның құны — 7,23 миллион теңге.
Одан бөлек Алматы облысындағы Қарғалы ауылына 1,78 миллион теңге тұратын шырша қойылады. Шыршаны құру, орнату қызметтеріне осы қаражат жұмсалады.