Айдын Рахымбаев LRT бағандарын тегін демонтаждаудан айнып қалды
Астанадағы атышулы LRT бағандарын жыл басында президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың сынағаны белгілі. Сол тұста Bi Group компаниясының басшысы Айдын Рахымбаев әлеуметтік желіде «Қазақстан жемқорлығының символына» айналған бағандарды тегін алып тастауды, яғни демонтаждауды ұсынған. Алайда уақыт өте келе ол ойынан бизнесмен айнып қалған, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
Бүгінгі баспасөз мәслихатында журналистер астана әкімі Алтай Көлгіновтен бағандар тағдырын сұраған. Bi Group компаниясының басшысы Айдын Рахымбаев бұған дейін «егер әкімдік ЛРТ бағандарын алып тастау туралы шешім қабылдаса, онда оны тегін алып тастаймыз. Бұл ұсыныстан бас тарттыңыздар ма?» деп сұрады әкімнен журналистердің бірі.
«Иә, мұндай ұсыныс болған. Алайда демонтаждау жұмысын ұсынған адамдар сандарды көрген кезде... Біз оларға «өздеріңіз санап көріңіздер» деп ұсындық. Сома 20 млрд теңге шықты. Сол кезде олар бас тартты. Бұл өте күрделі сұрақ әрі процес», - деді Алтай Көлгінов.