Жаңалықтар

Әділдік танытқан Атыраулық тұрғынға 12,2 млн сайақы берілді.

Әділдік танытқан Атыраулық тұрғынға 12,2 млн сайақы берілді.

Жемқорлық туралы хабарлаған Атырау облысының тұрғыны 12 млн теңгеге жуық сыйақы алған, деп хабарлайды KazFace.kz ANTIKOR баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің мәлімдеуінше, мұндай сыйақы өңірдің бұрынғы әкімінің орынбасарының әрекеттерін әшкерелеуінің арқасында берілді. 

12,2 млн теңге - жемқорлық парасының жалпы соммасынан тек 10% құрайды. 

Өткен жылы жемқорлық фактісін дәл уақытысында хабарлағаны үшін жалпы 134 азаматқа 40,6 миллион теңге көлемінде сыйақы берілген. Ал ең үлкен сыйақы көлемі Атырау және Қызылорда облыстарында төленген. 

Кез келген азамат сыбайлас жемқорлық фактісін аңықтаған уақытта 1424 телефоны бойынша ҚР Антикор Call орталығына жұмыс күндері сағат 9:00-ден 17:00-ге дейін хабарлай алады және ақпарат беретін адамның деректері құпия түрде сақталады. 

Мәселен, 2022 жылы барлығы 27 мыңнан астам қоңырау келіп түскен, оның ішінде 233 хабарламада жемқорлық құқық бұзушылық фактісі мәлімделген.

Сыбайлас жемқорлық қылмыстарының негізгі бөлігі жергілікті атқарушы органдар, қаржы және құқық қорғау саласы, ауыл шаруашылығы, білім беру және денсаулық сақтау мекемелерінде орын алады. 

Авторы: Мерей ӘМІРТАЙ