Жаңалықтар

Абай облысында тағы өрт

Абай облысында тағы өрт

2 шілде күні күндіз Абай облысының Көкпекті ауданында өрт шыққан, деп хабарлайды KazFace.kz облыстық ТЖД сілтеме жасап. 

Тілсіз жау Үлгілі-Малшы ауылынан 50 шақырым жерде басталған. Жергілікті атқарушы органға қамыс жанып жатқаны жөнінде хабарлама келіп түскен. Оқиға орнына қарауылдау жүргізетін жергілікті атқарушы органдардың бейінді қызметтерінің өкілдері дереу шыққан.

- Қазіргі уақытта өрттің болжамды алаңы 200 гектар. Елді мекендерге қауіп жоқ. Қаза тапқандар мен зардап шеккендер жоқ, - деді Абай облысы ТЖД баспасөз қызметі.

Ауылдық округі әкімдігінің ақпараты бойынша Мемлекеттік өртке қарсы қызмет органдарының күштері мен құралдарының тартылуы қажет емес.

Еске сала кетейік, өткен айда "Семей орманы" мемлекеттік орман табиғи резерватының аумағында алапат өрт орын алып, 60 мың гектар орманға орны толмас зардап әкелген.