Абай облысында 20 млн салынған әжетхана әлі жұмыс істемейді

Балауса ЖАҚСЫБАЙ
Абай облысындағы 20 миллион теңгеге салынған әжетхана әлі жұмыс істемейді. Жолаушылар өтіп бара жатып, қайта - қайта пунктің жабық есігін сыйпап өтуге мәжбүр, деп хабарлайды KazFace.kz.
Облыстық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының мәліметі бойынша, санитарлық-гигиеналық торапты мемлекеттік меншікке тапсыру жұмыстары жүргізілуде. Сонымен қатар электр желілерін қызмет көрсету үшін мердігерді таңдау жөніндегі конкурс шаралары да қолға алынған.
Өткен жылы жазда 31 миллион теңге тұратын екі модульді сервистік нысанның жұмыс істейтіні туралы айтылған еді. Алайда күзде ресми жауапта әжетхананың ашылу мерзімі тек 2024 жылдың 7 қазаны деп белгіленген. Алайда, 2025 жылы әжетхана әлі ашылған жоқ.
Бұл аптада облыс әкімі Берік Уәли жаңа туризм басқармасын құру туралы ойымен бөлісті. Болжам бойынша, осы басқарма даладағы қымбат әжетхананың тағдырын шешіп, оны іске қосу мәселесін реттейтін болады.