Қоғам

Ақтөбедегі қыздар мектебінің тәртібі

Ақтөбедегі қыздар мектебінің тәртібі

Балауса ЖАҚСЫБАЙ

Біздің ақпараттық сайтта жарық көрген Актөбе қаласындағы қыздар мектебі жайлы  жаңалыққа облыстық білім басқармасы өз жауабын берді, деп хабарлайды Kazface.kz.

Орамалдағы қыздар мектебі «Атамекен»  деп аталады. Білім ошағы осы жылдың 1 қыркүйегінен бастап  жұмыс жасайды. Білім басшармасының мәліметіне сүйенсек, заңды түрде тіркелген мектеп екі ауысымда жұмыс жасайды. Сабақ мемлекеттік және орыс тілдерінде оқытылады. Сыйымдылығы – 250 оқушыға арналған.

“Мектептің материалдық базасы толық жабдықталған. Қазіргі таңда   физика, химия, биология, мултимедиялық кабинеттермен, спорт залмен жабдықталған. Мектепте қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында бейнекамера, дабыл түймесі, турникет орналатылған, ЖБО-на қосылған. Лицензияланған күзет қызметімен қамтамасыз етілген.   Мектеп оқушылары оқулықпен тегін қамтылған”, -  делінген мәлімдемеде.

Сондай ақ білім басқармасының мамандары білім алушылар үшін барлық заңдылық сақталғанын дәлелдеу үшін фото суреттерін қоса жолдаған. Ол жерден қыз балалардың әдеттегі мектеп формасында отырғанын байқаймыз. Сондай ақ  мектептегі оқу-тәрбие процесі  Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің 2022 жылғы 3 тамызда бекітілген «Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың, бастауыш, негізгі орта, жалпы орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандарттарын бекіту туралы»  заңдылығы сақталған.

Айта кетері, мектепте 15 оқу кабинеті бар, толымдылығы  - 18орын. «Қаржы орталығы» АҚ тарапынан мемлекеттік тапсырыс алады.  Оқушылар саны 500 жуық. Ақтөбеде орамалдағы қыздар үшін жеке мектеп ашылды.

Ақтөбеде орамалдағы қыздарға арналған мектеп ашылды — Kazface.kz