Жаңалықтар

Ақтөбеде әскери қызметші өзіне қол жұмсады

Ақтөбеде әскери қызметші өзіне қол жұмсады

Балауса ЖАҚСЫБАЙ

Ақтөбедегі әскери бөлімдердің бірінде мерзімді әскери қызметші қаза тапты. Бұл ақпаратты Ақтөбе гарнизонының баспасөз қызметі  растады, деп хабарлады KazFace.kz.

"23 қарашада Ақтөбе гарнизоны әскери бөлімдерінің бірінде мерзімді қызметтегі әскери қызметші күзет қызметін атқару кезінде бекітілген қарудан оқ атып, өз-өзіне қол жұмсады", - делінген баспасөз хабарламасында.

Оқиғаның себебі мен мән-жайы анықталып жатыр. Бұл факті бойынша қылмыстық іс қозғалды.