Жаңалықтар

500 теңгелік банкнот жаңарды

500 теңгелік банкнот жаңарды

Балауса ЖАҚСЫБАЙ 

Қазақстан Ұлттық банкі 2025 жылғы 25 желтоқсаннан бастап 500 теңгелік жаңа үлгідегі банкнотты айналымға шығарады, деп хабарлайды KazFace.kz.

Жаңа банкнот «Сақ стилі» сериясындағы бесіншісі. Купюра көк түсті болып, дизайны ежелгі сақ мәдениетінің элементтеріне негізделген. Банкнотта «Өмір ағашы», қалықтаған құс, ДНҚ спиралі, шексіздік белгісі, Берел қорғандарынан табылған арқар басы бейнеленген артефакт және Мұзтау тауының көрінісі қамтылған.

Ұлттық банк мәліметінше, жаңа банкноттар жаппай айналымға 2026 жылдың екінші тоқсанында шығады. Бұған банкноттарды өңірлерге жеткізу және банкоматтар мен төлем терминалдарын бейімдеу қажеттілігі себеп.