Жаңалықтар
22-го января 2023 г. 09:06
Әлеуметтік желіде ағылшын тілінде сайрап отырған бүлдіршіннің видеосы кең тарады.
Оның бейнежазбасын ғаламторға Асылжан Асылханова есімді қолданушы жариялаған. Автордың айтуынша, видеодағы ақылды қыз оның сіңілісі.
3 жастағы бүлдіршін ағылшынша еркін сөйлеп ғана қоймай, кітапты да емін-еркін оқиды.
Видеода дарынды бүлдіршіннің ағылшынша әңгіме айтып, жанындағы бауырына әлденені түсіндіріп отырғанын көруге болады. Кейін балақай 1-ден 10-ға дейін өзге тілде еш жаңылмастан санай жөнеледі.
Желі қолданушылары кішкентай қыздың ерекше дарынына тәнті. Кейбір ересектердің өзі бұл балақай секілді шет тілін меңгере алмағандығын жеткізді.