Қоғам

2026 жылдан бастап жұмыс берушілердің зейнетақы жарнасы артты

2026 жылдан бастап жұмыс берушілердің зейнетақы жарнасы артты

Балауса ЖАҚСЫБАЙ

Қазақстанда 2026 жылғы 1 қаңтардан бастап жұмыс берушілер төлейтін міндетті зейнетақы жарнасының (МЗЖЖ/ОПВР) мөлшері 3,5 пайызға дейін өсті, деп хабарлайды KazFace.kz.

Бұл қаражат қызметкердің табысынан ұсталып, Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына аударылады.

Аталған жарна жыл сайын кезең-кезеңімен өсіп келеді:

  • 2024 жылы – 1,5%,
  • 2025 жылы – 2,5%,
  • 2027 жылы – 4,5%,
  • 2028 жылы – 5%.

МЗЖЖ 1975 жылы және одан кейін туған азаматтарға қатысты. Олардың болашақ зейнетақысы үш бөліктен тұрады:

  1. мемлекеттік базалық төлем,
  2. қызметкердің жинақтаушы жарналары,
  3. жұмыс беруші төлейтін шартты-жинақтаушы жарна.

1975 жылға дейін туған қызметкерлерге, зейнеткерлерге, I–II топтағы мүгедектігі бар адамдарға, сондай-ақ әскери қызметшілерге бұл жарна төленбейді.

Еңбек министрлігінің мәліметінше, МЗЖЖ енгізілуі азаматтардың қартайған шағында қосымша өмір бойғы зейнетақы төлемін қамтамасыз етуге бағытталған.