Қоғам

2025 жылы 900-ден астам запастағы офицер әскери қызметке шақырылады

2025 жылы 900-ден астам запастағы офицер әскери қызметке шақырылады

Қазақстан Үкіметі 2024 жылғы 20 қарашадағы "Запастағы офицерлерді әскери қызметке шақыру туралы" қаулы қабылдады, деп хабарлайды  KazFace.kz.

"Заңда белгіленген тәртіппен 2025 жылы әскери қызметке жарамды және оны өтемеген запастағы офицерлер 24 ай мерзімге әскери қызметке офицерлік лауазымдарға шақырылсын," — делінген құжатта.

Запастағы офицерлерді шақыру әскери дайындалған резервті жинақтау және офицерлер құрамының бос лауазымдарын толықтыру мақсатында жүзеге асырылады.

Қаулы 2024 жылғы 3 желтоқсанда күшіне енеді.