Спорт әлемі

16 жастағы ресейлік шаңғышы Александра Скороходова Қазақстан азаматтығын алды

16 жастағы ресейлік шаңғышы Александра Скороходова Қазақстан азаматтығын алды

Енді спортшы әлемдік аренада Қазақстанның намысын қорғайды. 

Александра тау шаңғысынан Ресей Федерациясының абсолютті чемпионы. Ол қазір 16-17 жастағы спортшылардың арасында үздіктердің бірі.  Шаңғышы көптеген  халықаралық деңгейдегі сайыстарда топ жарған. 

Халықаралық шаңғы спорты федерациясының сайтында Александра өткен жылдың 5 желтоқсанынан бастап Қазақстан азаматы ретінде көрсетілген.