Қоғам
8-го апреля 2025 г. 00:02
Балауса ЖАҚСЫБАЙ
Түркістан облысында қызыл кітапқа енген қызғалдақ гүлін теріп, көлігіне салып алған әйел 12 миллион теңге айыппұл төлеуі мүмкін,- деп хабарлайды Kazface.kz
Бұл оқиға әлеуметтік желіде тараған бейнежазбадан кейін белгілі болды. Шымкент қаласының тұрғыны болып табылатын әйел Ордабасы ауданының Ұялыжар ауылына жақын маңдағы алқапта гүлдер жинап алған.
Қазіргі таңда бұл факт бойынша қылмыстық іс қозғалып, тергеу жұмыстары жүргізілуде.