Қоғам
7-го ноября 2025 г. 14:16
Жұлдыз ОРАЗХАН
Шымкент қаласында полиция қызметкерлері жедел-іздестіру іс-шаралары барысында әкімдік қызметкерден 10 миллион теңге талап етті деген күдікпен блогер-журналистті қамауға алды, деп хабарлайды KazFace.kz.
Полиция департаментінің мәлімдеуінше, күдікті әлеуметтік желіде мемлекеттік органдардың қызметін қаралайтын материалдарды жарияламау үшін ақша сұраған.
Аталған дерек бойынша қылмыстық іс қозғалды. Тінту кезінде электрондық құрылғылар мен өзге де айғақтар тәркіленді.
Қазіргі уақытта күдікті уақытша ұстау изоляторында. Тергеу амалдары жалғасуда. Шымкент қаласының Полиция департаменті бопсалау – заң бойынша қылмыстық жауапкершілікке әкеп соғатынын ескертеді.