Жаңалықтар

1 миллион 900 мың теңге жалақы алатын әкім кім?

1 миллион 900 мың теңге жалақы алатын әкім кім?

Түркістан облысы әкімінің орынбасары Сәкен Қалқаманов өңір басшысы Өмірзақ Шөкеевтің қанша жалақы алатынын айтты, деп хабарлайды kznews.kz.

Еске сала кетсек, Өмірзақ Шөкеев Түркістан облысының әкімі болып 2019 жылдың 26 ​​ақпанында тағайындалған еді.

Бұған дейін ол Қазақстанның ауыл шаруашылығы министрлігін басқарған.

«Өмірзақ Естайұлының жалақысы 1 миллион 900 мың теңге (4 400 доллар)», — деп жауап берді Қалқаманов облыс әкімінің жалақысы туралы сұраққа.

Экономика ғылымдарының докторы Шөкеевтің жұмыс тәжірибесі мол.

Әр жылдары экономика, ауыл шаруашылығы министрі, премьер-министрдің орынбасары болып, Қостанай, Оңтүстік Қазақстан облыстары мен елорданы басқарды.

Шөкеев сонымен қатар Қазақстан президенті әкімшілігі басшысының орынбасары және «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» акционерлік қоғамының басқарма төрағасы қызметтерін атқарды.