1 мамырдан бастап жедел жәрдем қызметі өзгереді

1 мамырдан бастап Қазақстанда жедел жәрдем шақыруларын қабылдау тәртібі өзгереді, деп хабарлайды KazFace.kz.
Бұл туралы ҚР денсаулық сақтау министрлігінің 2025 жылғы 4 сәуірдегі №32 бұйрығында мәлім болды.
Жаңа ережеге сәйкес, 4-санаттағы шақырулар – яғни науқастың жағдайы шұғыл болмаса және өміріне тікелей қауіп төнбесе – жұмыс күндері сағат 08:00-ден 19:00-ге дейін және сенбі күні 08:00-ден 12:00-ге дейін емханаларға (ПМСП) жолданатын болады. Бұл уақыттан тыс түсетін шақыруларды жедел жәрдем бригадасы өзі орындайды.
Мақсат – жедел жәрдем қызметінің жүктемесін азайтып, шұғыл көмекті қажет ететін науқастарға дер кезінде жетуін қамтамасыз ету.
Шақыруларға қызмет көрсету уақыты:
- 1-санат – 10 минутқа дейін;
- 2-санат – 15 минутқа дейін;
- 3-санат – 30 минутқа дейін;
- 4-санат – 60 минутқа дейін;
- ПМСП мобильді бригадасы – 60 минутқа дейін.
Бұл жаңашылдық денсаулық сақтау жүйесінің тиімділігін арттырып, учаскелік қызмет пен жедел жәрдем арасындағы үйлесімділікті жақсартуға бағытталған.