Әлем жаңалықтары

Мьянмадағы жер сілкінісінен қаза тапқандар саны 3600 адамға жетті

Мьянмадағы жер сілкінісінен қаза тапқандар саны 3600 адамға жетті

Мьянмада болған жойқын жер сілкінісінен қаза тапқандар саны 3 600 адамға жеткендігі анықталды, деп хабарлайды KazFace.kz.

5 017 адам түрлі жарақат алған. Тағы 160 тұрғын із-түссіз жоғалғандар қатарында. Бұған дейін Xinhua агенттігі 3 455 адамның қаза тауып, 4 840 адамның жараланғанын хабарлаған болатын.

Еске сала кетейік, жер сілкінісінің магнитудасы 7,7 баллды құраған. Одан кейін 12 минут өткен соң жер асты тағы бір рет сілкініп, ол 6,4 балл болып тіркелген. Жерасты дүмпулерінің эпицентрі Сикайн қаласының солтүстік-батысында орналасқан. Жер сілкінісінің салдарынан ел аумағында көптеген қирандылар орын алған.

Иравади өзенінің үстіндегі Сикайн мен Ава қалаларын жалғайтын көпір құлап түскен. Оңтүстік Шан штатында қонақ үйдің ғимараты опырылып, жүздеген үй қирады. Қазіргі уақытта құтқару жұмыстары жалғасып жатыр.

Еске салайық, осыған дейін 28  наурыз күні Мьянмада жойқын жер сілкінісі болғаны туралы хабарлаған едік.