Президент Ерсайын Нағаспаевты Өнеркәсіп және құрылыс министрі қызметінен босатты — Kazface.kz
Билік

Президент Ерсайын Нағаспаевты Өнеркәсіп және құрылыс министрі қызметінен босатты

Президент Ерсайын Нағаспаевты Өнеркәсіп және құрылыс министрі қызметінен босатты

Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Ерсайын Нағаспаевты Қазақстан Республикасының Өнеркәсіп және құрылыс министрі қызметінен босату туралы Жарлыққа қол қойды, деп хабарлайды KazFace.kz

Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.
Ерсайын Нағаспаев 2025 жылғы ақпанда Өнеркәсіп және құрылыс министрі болып тағайындалған болатын.
Ол Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетін «Халықаралық экономикалық қатынастар» мамандығы бойынша бітірген.
Әр жылдары «Ақтау халықаралық теңіз сауда порты» РМК-да, Қазақстан Республикасы Премьер-министрінің Кеңсесінде және «Новострой Астана» ЖШС-де басшылық қызметтер атқарған.
2021 жылғы сәуірден бастап «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ-ның қамтамасыз ету жөніндегі басқарушы директоры қызметін атқарды.
2025 жылы Өнеркәсіп және құрылыс министрлігін басқаруға тағайындалды. Ал 2026 жылғы қыркүйекте министр қызметінде қалған еді.