Әзірбайжан ұшағынан қаза тапқан қазақстандықтардың отбасылары үйлі болды

Әзірбайжан кәсіпкері Амиль Юсупов Azerbaijan Airlines әуе ұшағының апаты кезінде қаза тапқан қазақстандықтардың отбасыларына пәтер сыйлады,- деп хабарлайды Kazface.kz.
Ақтауда 25 желтоқсанда Әзербайжан әуе желілерінің ұшағының апатынан қаза тапқандарды еске алуға арналған ас өтті. Іс-шараны Қазақстан мен Әзербайжан елшіліктері ұйымдастырды.
Жаңа тұрғын үйдегі пәтерлер жиһаздармен және тұрмыстық техникамен толық жабдықталған. Сонымен қатар, кәсіпкер Маңғыстау облысының Төтенше жағдайлар департаментіне, қалалық ауруханаға және жедел жәрдем станциясына үш жаңа көлік тарту етті.
Еске салсақ, 25 желтоқсанда Ақтау қаласының маңында Azerbaijan Airlines әуекомпаниясының ұшағы апатқа ұшырап, 38 адам қаза тапты. Ұшақта 67 адам болған, олардың арасында 6 қазақстандық болды. Апаттан аман қалғандар арасында қазақстандықтар болмады. Төтенше жағдайлар министрлігі қаза тапқандардың тізімін жариялап, қылмыстық іс ашты.