Қытай үш ғарышкері бар пилотты кемені ғарышқа ұшырды

Қытай тағы бір ғарыштық миссияны сәтті жүзеге асырды. Бұл жолы «Шэньчжоу-20» пилотталған ғарыш кемесі солтүстік-батыс Қытайдағы ғарыш айлағынан ұшырылып, Жердің төменгі орбитасына шықты, деп хабарлайды KazFace.kz.
Кемеде үш тайконавт (қытайлық ғарышкер) бар. Миссияны «Шэньчжоу-14» экипажының бұрынғы мүшесі Чэнь Дун басқарды. Бұл – оның ғарышқа үшінші рет сапар шегуі. Жаңа миссия аясында экипаж «Тяньгун» орбиталық станциясында алты ай уақыт болады.
Олар бұл кезеңде:ашық ғарышқа шығу; орбиталық станцияны ғарыштық қоқыстардан қорғау құрылғыларымен жабдықтау; ғылыми және техникалық эксперименттер жүргізу секілді маңызды міндеттерді атқарады.
Бұл ұшырылым – Қытайдың ғарыш саласындағы қарқынды дамуының және тұрақты ғылыми бағдарламаларды жүзеге асырудағы табандылығының айқын көрінісі.