Әлем жаңалықтары

Ухань қаласында қайтадан локдаун жарияланды

Ухань қаласында қайтадан локдаун жарияланды

Қытайдың Ухань қаласында қайтадан локдаун жарияланды. Билік вирус белгілері жоқ төрт науқас анықталған соң қала маңындағы бір миллионға жуық тұрғыннан үйде отыруды талап етті, деп хабарлайды KazFace.kz ВВС ақпарат агенттігіне сілтеме жасап.

Цзянся ауданының тұрғындарына алдағы үш күн бойы үйден шықпау жөнінде бұйрық берілді. Екі күн бұрын 12 млн халқы бар Ухань қаласында тұрғындарды әдеттегі тестілеу кезінде екі асимптоматикалық жағдай анықталған. Содан кейін осы екі адамның байланыс тізбегі бойынан ауру белгілері жоқ тағы екі тасымалдаушы агықталған соң, билік дереу карантин туралы қаулы шығарды.

Қытай пандемия басталғаннан бері жаппай тестілеу, оқшаулау және ауру жұқтырғандарды қатаң оқшаулауды қамтитын COVID-ке қарсы қатаң шаралар саясатын жүргізіп келеді. Нәтижесінде, Қытайдың ресми статистикасы елде әлемнің көптеген елдеріне қарағанда ковидтен «жан басына шаққандағы» өлім көрсеткіші аз болғанын тіркеді, алайда қалалар мен аймақтардың жиі жабылуы адамдар, бизнес және тұтастай алғанда экономикаға ауыр тиді.

Қатаң карантинге жабылған алғашқы қала Ухань болды. Онда жаңа коронавирус 2020 жылдың басында анықталды. Сол кезде әлем Қытай билігінің бұл шарасын түсінбей, таңқалған, бірақ көп ұзамай көптеген қалалар мен елдер дәл осындай шаралар қолдануға мәжбүр болды.