Трамп АҚШ білім министрлігін жабу туралы жарлыққа қол қойды

АҚШ президенті Дональд Трамп білім министрлігін тарату туралы жарлыққа қол қойды. Бұл оның сайлауалды уәделерінің бірі болған, деп хабарлайды KazFace.kz.
Министрлікті толық тарату үшін конгрестің мақұлдауы қажет, алайда Трамптың жеткілікті қолдауы жоқ. Жарлыққа сәйкес, мектептерге қатысты саясат штаттар мен жергілікті биліктің құзырында қалады.
Ақ үйдің мәлімдеуінше, білім министрі Линда Макмэхон ведомствоның жабылу процесін басқарумен қатар, білім беру бағдарламалары мен жеңілдіктердің үздіксіз орындалуын қамтамасыз етеді.
Трамп білім министрлігін елдегі білім сапасының төмендігі үшін сынға алып, штаттардың бұл мәселені жақсырақ шеше алатынын мәлімдеді. Оның әкімшілігі министрлік қызметкерлерін қысқартып, құрылымын қайта құруға кіріскен.
Білім министрлігі АҚШ-тағы 100 000 мемлекеттік және 34 000 жеке мектепке қаржылай қолдау көрсетіп, ерекше қажеттіліктері бар балаларға, өнер бағдарламаларына және инфрақұрылым жаңартуға гранттар бөледі. Сондай-ақ ведомство 1,6 трлн долларлық студенттік несиелерді басқарады.
Министрліктің жабылуы бұл міндеттердің басқа агенттіктерге берілуін білдіреді. Сонымен қатар, Трамп "критикалық нәсілдік теорияны" және басқа да саяси-әлеуметтік мазмұндарды насихаттайтын оқу орындарының қаржыландыруын тоқтататынын мәлімдеді.