Таулы Қарабақ республикасы жойылады
Дильназ МУРЗАГАЛИЕВА
Мойындалмаған "Таулы Қарабақ республикасының" басшысы Самвел Шахраманян 2024 жылдың 1 қаңтарынан бастап сепаратистік құрылымды жою туралы жарлыққа қол қойды, деп хабарлайды KazFace.kz
Жарлыққа сәйкес, жаңа жылға дейін "осы республикаға қараған мемлекеттік мекемелер мен ұйымдар" таратылады. Таулы Қарабақ халқына Әзербайжан жағының "реинтеграция шарттарымен танысу бойынша" кеңес берілген. Армян үкіметінің мәліметінше, 28 қыркүйек таңертеңге дейін Арменияға Таулы Қарабақтан 65 мыңнан астам адам қоныс аударған.
Жарлықта "Таулы Қарабақ республикасын" жою туралы шешім "күрделі әскери-саяси жағдай мен Таулы Қарабақ халқының қауіпсіздігін қамтамасыз етуге басымдық беру ниетіне" байланысты қабылданғаны жазылған.
Жарлықта Таулы Қарабақ тұрғындарына Лачин дәлізі арқылы көлікпен еркін өтуіне жағдай жасалатыны да айтылған. Мұндай келісім әзербайжан өкілдері мен ресейлік бітімгер арасында келіссөзден кейін жасалған.
Айта кету керек, өткен аптада Әзербайжанның әскери операциясы нәтижесінде мойындалмаған "Таулы Қарабақ республикасының" билігі Баку шарттарымен келіскен. Армения премьер-министрі Никол Пашинян Таулы Қарабақ босқындарын қабылдауға дайын екенін мәлімдеген.
Сондай-ақ, Әзербайжан шарттарына келісуге қарсы болғандар наразылық білдіріп жатыр.