Мәдени айнасы

Сирек кездесетін монета Қазақстаннан табылды

Сирек кездесетін монета Қазақстаннан табылды

Балауса ЖАҚСЫБАЙ 

Жетісудың Қоғалы алқабынан сирек кездесетін монета табылды, деп хабарлайды Kazface.kz. 

"Таңбалы" қорық-мұражайының ғылыми зерттеушілері археологиялық қазба жұмыстары кезінде қызықты жаңалық ашты. Ол өте сирек кездесетін монета. Тарихи жәдігерді Қырғызстанмен Ресей археологтары сондай ақ үңгір суреттерісаласындағы мамандар, "Таңбалы" қорық-музейінің қызметкерлері бірлесіп тапқан. Бұл осы жерден табылған  сегізінші монета көрінеді. Оны мұражай қызметкерлері растап отыр. 



Мұндай ақша шекаралары Қара теңізден Үндістанға дейін созылған Батыс Түрік қағанатында соғылған. Қағанаттың Батыс иеліктері Оңтүстік-Шығыс Еуропаның далаларына жетті. Мемлекеттің өзегі Жетісуауданы болды, - деді маман.  

Қоғалы алқабының зерттелген ескерткіштері VII-VIII ғасырлардың бірінші жартысында Жетісу аумағын мекендеген батыс түріктердің мәдениетіне жатады. 

Археолог ғалымдардыңбағалауы бойынша, сол кездегі монеталарға ойыпжазылған руникалық жазулар мен рулық белгілер«Таңбалы» шатқалының жартастарында дабейнеленген. Бұл Жетісуда дамыған өркениеттің,мәдениеттің, қолөнердің, сауданың бар болғанын көрсетеді. Ұлы Жібек Жолының бағыты да осы жерлерді басып өткенін ұмытпаған жөн.  

Қазіргі уақытта "Таңбалы" ғылыми-реставрациялық зертханасында осы бірегей артефакт бойынша алғашқы консервациялық жұмыстар басталды, ал археологиялық қазба жұмыстарын жалғасуда.