Мәдени айнасы

Роза Рымбаева «Славян базары» байқауында әділқазылар төрағасы

Роза Рымбаева «Славян базары» байқауында  әділқазылар төрағасы

Балауса ЖАҚСЫБАЙ

Әнші Роза Рымбаева  әлемгі әйгілі «Славян базары» өнер фестивалінде қазылар алқасына төрағалық етеді, деп хабарлайды KazFace.kz. 

Беларусь елінінің Витебск қаласында осымен XXXIII рет ұйымдастырылып отырған халықаралық өнер фестивалінде Қазақстанның халық әртісі Роза Рымбаева қазылар алқасының төрағасы болмақ. Бұл жайлы әнші өзінің Instagram парақшасында бөлісті.

«Қадірлі жерлестер! Біз Беларусь еліндеміз. «Лучеса» қонақ үйіне аялдадық. Витебск қаласында өткелі отырған «Славян базары» атты ауқымды фестивальге кеп қалдық. Биыл мен қазылар алқасының төрағасымын. Бұл – өте маңызды әрі жауапкершілігі жоғары жұмыс», - деді Роза Рымбаева.

Айта кетейік, «Славян базары» фестивалі әлемнің түкпір түкпірінен келген талантты, шығармашыл жандардың бақ сынасатын ауқымды байқауы. Фестиваль осымен отыз жылдан астам уақыт бойы  өткізіліп келеді. 2015 жылы Димаш Құдайберген, ал 2019 жылы – Әділхан Макин Қазақстан атынан қатысып, бас жүлде иеленген еді.