Мәдени айнасы

Риза Әлімжан қытайлық сериалда басты рөлде

Риза Әлімжан қытайлық сериалда басты рөлде

Жетінші арна “Батыл жүрек” атты қытайлық телесериалды көрермен назарына ұсынуда. Басты рөлді этникалық қазақ қызы Риза Әлімжан сомдайды, деп хабарлайды Kazface.kz.

Сериалда адалдық, сатқындық, ақиқат жайы сипатталған отбасылық өмір баяндалады.

Басты рөлдегі актрисаға тоқталатын болсақ, Риза Әлімжанқызы қытай киносының ең жарық жұлдыздарының бірі. Этиникалық қазақ қызы  «Minning Town» телехикаясындағы рөлі үшін «Үздік актриса» номинациясының иегері атанды.

Әлімжанқызы кино саласында Reyizha Alimjan немесе Rayza деген есімімен танымал болған. Ол 1986 жылы 15 шілдеде Бейжің қаласында дүниеге келген. Әкесі Әлімжан Нұрғазыұлы мен анасы Зайымхан Бейжің қаласындағы орталық ұлттар баспасының қазақ редакциясында жұмыс істейді. Олар 1970 жылдары Шыңжаннан Бейжіңге студент болып барып, жұмыс істеп, қоныстанып қалған екен.