Президент вейпке тыйым салатын заңға қол қойды
Балауса ЖАҚСЫБАЙ
Бүгін Қазақстанда электронды темекі (вейп) және темекі шегуге арналған бір реттік бұйымдарды сатуға және пайдалануға тыйым салатын заң күшіне енді, деп хабарлайды Kazface.kz.
Мемлекет басшысы "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне денсаулық сақтау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды.
Денсаулық сақтау мәселесіне қатысты заңда темекі өнімдерін, вейптерді, хош иістендіргіштерді және оларға арналған сұйықтықтарды сатуға, таратуға, сондай-ақ оларды жарнамалауға тыйым салу қарастырылған.
Бұл шектеу хиттер немесе темекі қыздыру жүйесіне (IQOS, GLO, PLOOM, iFuse) қатысты емес.
Қылмыстық кодекстің 301-1 бабы шегілмейтін темекі бұйымдарын, электрондық тұтыну жүйелерін (вейптерді), оларға арналған хош иістендіргіштер мен сұйықтықтарды сату және таратқаны үшін 200 АЕК (айлық есептік көрсеткіш) дейінгі мөлшерде айыппұл салуға не сол мөлшерде түзеу жұмыстарына, не 200 сағатқа дейінгі мерзімге қоғамдық жұмыстарға тартуға, не 50 тәулікке дейінгі мерзімге қамалады.