Әлем жаңалықтары

Өзбекстанда паранжаға заңмен тиым салынды

Өзбекстанда паранжаға заңмен тиым салынды

Өзбекстанда қоғамдық орындарда паранжа киюге және көп әйел алуға үгіттеуге тыйым салынды, деп хабарлайды KazFace.kz Әділет министрлігіне сілтеме жасап.

Көрші елдің президенті Шавкат Мирзиеев арнайы заңға қол қойған. Заң бойынша қоғамдық орындарда бет-бейнесін жабатын киім киюге болмайды. Министрліктің айтуынша, бұл адамның бет-бейнесі арқылы ол туралы ақпарат алуға мүмкіндік береді. Сондай-ақ, құқық қорғау органдары енгізіп жатқан «Қауіпсіз қала» ақпараттық жүйесі жұмысын жүргізуге септігін тигізеді.

Ережені бұзған адамдар $405 бастап $810 дейін айыппұл төлеуге міндетті. Алайда қызмет барысында бетті жабуға қажеттілік болса, айыппұл салынбайды.

Қажетті медициналық көрсеткіштер бойынша мәдени немесе спорттық шараларды өткізуге кезінде, сондай-ақ, арнайы қызмет өкілдері жұмыс барысында бетті жабатын маскаларды пайдалана алады, – делінген хабарламада.

Тағы Өзбекстанда көп әйел алуға үгіттеу де енді қылмыстық іске жатады. Осы заң талаптарына сәйкес, ресми некеге тұрмай тұрып, діни жолмен неке қидырған азаматтар $810 бастап $1620 дейін айыппұл төлеуі керек. Көп әйел алуға үгіттегендер осы көлемде айыппұл төлейді немесе 15 күнге қамауға алынады.

Айта кетейік, қоғамдық орындарда никаб, хиджаб және шолақ шалбар киюге тыйым салу туралы Қазақстанда да талқыланып жатыр. Бірқатар мәжіліс депутаттарының сауалдарынан кейін ақпарат және мәдениет министрі Аида Балаева «Дін туралы» заңға өзгеріс енгізуге қатысты пікір білдіріп, аталмыш заң қайта қаралатынын айтқан.