Әлем жаңалықтары

Өзбекстан президенті мемлекеттік қызметкерлерді жаппай қысқартып жатыр

Өзбекстан президенті мемлекеттік қызметкерлерді жаппай қысқартып жатыр

Жуырда көрші Өзбекстан президенті Шавкат Мирзиеев 17 мыңнан аса шенеунікті жұмыстан қысқарту туралы Жарлыққа қол қойды. 

Жарлыққа сәйкес, министрліктер мен ведомстволардан бюджеттік және бюджеттен тыс қорлардан қаржыландырылатын 17 447 қызметкер жұмыстан босатылады. Ол орта есеппен барлық мемлекеттік қызметкерлердің 24 пайызын құрайды. 

Басшы орынбасарларының саны 207-ден 144-ке дейін немесе 30 пайызға қысқарады. Сондай-ақ, алдын ала бағалау бойынша, 703 қызметтік көлік пен 10 ғимарат босайды. Нәтижесінде мемлекет штаттарды қысқарту арқылы 1,5 триллион сум (133 миллион доллар), көліктердің санын азайту арқылы 70 миллиард сум (6,2 миллион доллар) үнемдейді. 

Сондай-ақ, министрліктер мен ведомстволардың бюджеттен тыс қаражаты есебінен қосымша штат енгізуге қатаң тыйым салынады. Олардың жалпы шектеулі саны 56 573 адам болады.