Әлем жаңалықтары

Моңғолия астанасында үш күннен бері жаппай наразылық шаралары өтіп жатыр

Моңғолия астанасында үш күннен бері жаппай наразылық шаралары өтіп жатыр

Моңғолия астанасында үш күннен бері жаппай наразылық шерулері өтіп жатыр. Халықтың көшеге шығып, наразылық білдіруіне көмір экспортындағы былықтар себеп болған, - деп хабарлайды KazFace.kz.

Моңғолия астанасы Ұланбатыр қаласының басшысы Долгорсурэнгийн Сумъяабазар қаланың орталық алаңы мен Үкімет үйінің маңындағы наразылық акциясына қатысушыларды күшпен тарату туралы жарлық шығарды. Тиісті органдарға акцияға қатысқандарды тыныштыққа шақыруға, қажет болған жағдайда күштеп тарату шараларын қолдану тапсырылды.

Ұланбатырдағы шерулер бейбіт аяқталғандықтан, полицияға жиналғандарды тарату үшін күш қолданудың қажеті болмағаны атап өтілді. Осыған байланысты қала әкімі қаулысының күшін жою туралы өкім шығып, полиция қызметкерлері қырағылықты төмендетті.

Сонымен қатар, Моңғолия президенті Ухнаагийн Хурелсух елде төтенше жағдай енгізудің қажеті жоқ екенін айтты. Оны премьер-министр Лувсаннамсрейн Оюун-Эрдэнэ қолдады.