Әлем жаңалықтары

Македонияның Кочани қаласында өрттен 50 адам қаза тапты

Македонияның Кочани қаласында  өрттен 50 адам қаза тапты

16 наурыз күні түнде Македонияның Кочани қаласында концерт кезінде түнгі клубта өрт шықты,- деп хабарлайды KazFace.kz. 

Өрт клубтың төбесіне және шатырын тез өртеп жіберді. Нәтижесінде көптеген адамдар қаза тауып, зардап шекті.

Жергілікті БАҚ-тың хабарлауынша, концертке мыңнан астам адам жиналған. Өрт салдарынан кемінде 50 адам қаза тапты. Құтқарушылар мен төтенше жағдайлар қызметі оқиға орнына шұғыл жетіп, өртті сөндірді, бірақ адамдардың өмірін сақтап қалу мүмкін болмады.

Қазіргі уақытта тергеу жұмыстары жүргізіліп, өрттің себебі анықталуда.