Мәдени айнасы

Маңғыстаулық 87 жастағы шебер Димашқа эксклюзивті шашақ сыйлады

Маңғыстаулық 87 жастағы шебер Димашқа эксклюзивті шашақ сыйлады

Маңғыстау өңірінің 87 жастағы шебері Шархат Төлемісова әлемге танымал әнші Димаш Құдайбергенге арнайы тоқыған шашақ сыйлады, деп хабарлайды KazFace.kz. 

Кейуана Ақтауда өткен "Ақтау – түркі әлемінің мәдени астанасы" фестивалінің ашылу салтанатына арнайы келіп, әнші Димашқа сыйлығын жасады.  Шебер екі күн бойы фестивальге қатысып, өз қолымен жасаған ұлттық бұйымды сүйікті әншісіне табыстауды армандағанын айтты.

«Димаш — қазақ халқының ұлы. Ол елді әлемге танытты. Мен аналық жүрекпен шашақ жасап, оны өз қолыммен табыстағым келді», — деді Шархат апа.

Димаш та әлеуметтік желіде бұл сыйлық жайлы естіген соң, кездесуге асыққанын айтып, шеберге алғысын білдірді.

«Мен әлеуметтік желілерден апаның мен үшін ерекше сыйлық жасағанын оқыдым. Кешегі концерттен кейін онымен міндетті түрде кездесуім керек деп ойлап, сол сәттен бастап соны ойлап жүрдім», – деді Димаш.