Әлиев AZAL ұшағының апатынан қаза тапқан экипаж мүшелерін марапаттады
Әзербайжан президенті Ильхам Әлиев 25 желтоқсанда Ақтаудың маңында апатқа ұшыраған Баку-Грозный рейсін орындаған AZAL ұшағының экипаж мүшелеріне «Әзербайжанның Ұлттық батыры» атағын беру туралы қаулыға қол қойды, деп хабарлайды KazFace.kz.
Қаулыға сәйкес, «Әзірбайжанның Ұлттық батыры» атағы қызмет барасында қаза тапқан экипаж мүшелері – ұшақ командирі Игорь Кшнякинге, ұшқыш Александр Кальяновқа және стюардесса Хекума Әлиеваға берілді.
Сонымен қатар, апат кезінде жарақат алған тағы екі экипаж мүшесі – Зулфугар Асадов пен Айдан Рахимли «Рашадат» орденінің бірінші дәрежесімен марапатталды.
Қаулыда атап өтілгендей, ұшақ Ресейдің әуе кеңістігінде сыртқы физикалық және техникалық әсерге ұшырап, басқаруды жоғалтқан. Содан кейін ұшақ Ақтауға бағытталып, апатты жағдайда қонды. Ұшқыштар мен стюардессалардың жоғары кәсібилігі, ерлігі мен батылдығы арқасында бірнеше жолаушы аман қалды.