Әлем жаңалықтары

"Күйеуі - қазақ". Жаңадан тағайындалған АҚШ-тың Алматыдағы бас консулы Қазақстанға келді

"Күйеуі - қазақ". Жаңадан тағайындалған АҚШ-тың Алматыдағы бас консулы Қазақстанға келді

Жаңадан тағайындалған АҚШ-тың Алматыдағы бас консулы Мишель Еркін Қазақстанға келді, - деп хабарлайды Kazface.kz тілшісі. Бұл туралы Алматыдағы АҚШ консулдығының баспасөз қызметі мәлімдеді.

"Жаңа тағайындалған Алматыдағы АҚШ бас консулы Мишель Еркін Қазақстанға келді. Қош келдіңіз, Еркін ханым!", - делінген хабарламада.

Бұл жазбаның астында көпшілік "Күйеуі қазақ қой", "Сәттілік! Қайын жұртыңыз қуана қарсы алуда", "Жеңешеее, қош келдіңіз", "Қазақ елінің келіні ретінде қазақтарға визаны көптеу мақұлдайды деген үміттемін, Еркін ханым?!" деп пікір жазып жатыр.

Айта кетейік, АҚШ-тың Алматыдағы бас консулы қызметін бұған дейін Кэролайн Сэвидж атқарған. Ол баласының денсаулығына байланысты қызметін ертерек тоқтатып, АҚШ-қа кетуге мәжбүр болған.