Әлем жаңалықтары

"Камызяки" Қазақстанға келмейтін болды

"Камызяки" Қазақстанға келмейтін болды

Дильназ МУРЗАГАЛИЕВА

Танымал ресейлік әзілкеш Азамат Мұсағалиев басшылық ететін “Камызяки” КВН командасының концерті Қазақстанда өткізілмейтін болды, деп хабарлайды KazFace.kz. Бұл туралы концерт ұйымдастырушылары өз instagram парақшаларында жазды. 

“"Камызяки" ұжымы әртістерінің көпшілік алдында жасаған әрекеттеріне жұртшылықтың резонанстық теріс кері байланысын ескере отырып, ұйымдастырушылар тобы "Камызяки" командасының Қазақстан бойынша жеке концерттерін толығымен тоқтату туралы шешім қабылдады”, - делінген жазбада. 

Еске сала кетейік, бұған дейін Қазақстанда әлеуметтік желі қолданушылары Азамат Мұсағалиевтің концерттерін тоқтатуға шақырған болатын. Жанжал 8 қыркүйекте әртіс Ресей армиясын қолдау үшін Донецкке концертпен барғаннан кейін көтерілді. 

Оған қоса желіде КВН командасының концерттерін жоюды талап ететін петиция пайда болған, оны 17 мыңнан астам адам қолдаған. 

""Камызяки" командасының концерттерінің күшін жоюды талап етеміз. Команданың өнер көрсетуі Алматыда 5 қазанда және Астанада 7 қазанда жоспарланған. Азамат Мұсағалиев әзілкеш Нұрлан Сабуровпен бірге ТНТ федералды арнасында қазақ тілін мазақ етуден басқа, жақында Донецкте Денис Дороховпен және өзінің "Қамызяки" командасымен бірге өнер көрсетті, бұл қазақстандықтардың наразылығын тудырды", – делінген петиция мәтінінде.