Көкшетауда кимешек парады Қазақстан Рекордтар кітабына енді

Көкшетауда Наурыз мерекесінде 1600-ден астам кимешек киген арулар шеруі өтті. Бұл шара Қазақстан Рекордтар кітабына енді, деп хабарлайды KazFace.kz.
Ақмола облысының аналар кеңесі ұйымдастырған парад Салтанат сарайы алдында басталып, қатысушылар бір шақырымдық жолды жүріп өтті. Шара қала тұрғындары мен онлайн көрермендерге тікелей көрсетілді.
Парадтың басында Қазақстанның мәдениет қайраткерлері, мәдениет саласының еңбек сіңірген қайраткерлері, сондай-ақ белсенді әйелдер ұйымдарының жетекшілері жүрді. Шеруге көпбалалы аналар, ұстаздар, дәрігерлер, әртістер мен басқа да мамандық өкілдері қатысты.
Қазақстан Рекордтар кітабының өкілі Бақытжан Тастулеков бұл оқиғаны ресми түрде тіркегенін жариялады.
«Бұрын - соңды осындай парад болмаған. 1600 әйел қатысып, бұл оқиға Қазақстан Рекордтар кітабына енді!», - деді ол.
Шараның соңында облыс әкімі Марат Ахметжановқа ресми сертификат тапсырылды. Көкшетаудағы кимешек парады тек әсем көрініс қана емес, сонымен қатар ұрпақтар сабақтастығы мен ұлттық дәстүрлерге деген құрметтің символы болып, қала тұрғындарына үлкен рухани әсер қалдырды.