Испанияны тәнті еткен қазақ қызы
Испанияда өтіп жатқан "Балалар дауысы" шоуында 12 жастағы қазақстандық Жанель Әли әділқазылар алқасын ерекше дауысымен баурап алды, деп хабарлайды KazFace.kz.
Жас өнерпаз өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында қуанышымен бөлісіп, жетістікке жету жолында ат салысқан барлық жандарға алғысын білдірді.
- Мен өзімнің вокалдан берген ұстазыма, жақындарыма үлкен алғыс айтқым келеді. Сондай-ақ, Испаниядағы қазақ диаспорасына, қазақтар қауымдастығына ерекше рақмет, мен сіздерді жақсы көремін!-деп жазды Жанель.
Жанель Кристина Агилераның "Hurt" әнін нақышына келтіріп орындады. Отырған әділқазылар алқасының барлығы бұрылып, қазақ қызының дауысына тәнті болды. Ол шоудағы тәлімгері ретінде танымал испандық әнші, композитор Росарио Флорес таңдады.
Айта кету керек, Жанель көпбалалы отбасынан. Жанұяда барлығы 5 бала. Оның әкесі бірнеше ай бұрын Испанияның Торревьеха қаласына жұмыс бабымен ауысып келген екен.