Мәдени айнасы

Ілияс Жансүгіровтің қызы өмірден өтті

Ілияс Жансүгіровтің қызы өмірден өтті

Дильназ МУРЗАГАЛИЕВА

Белгілі жазушы Ілияс Жансүгіровтың қызы Ильфа Жандосова-Жансүгірова өмірден озды, деп хабарлайды KazFace.kz. 

Бұл туралы қызы Жанар Жандосова әлеуметтік желілерде хабарлады.

"14 қаңтарда 89 жасқа қараған шағында азаматтық ұстанымы бар адам, талантты педагог, қуғын-сүргінге ұшыраған ақын Ілияс Жансүгіров пен Фатима Ғабитованың қызы, қоғам қайраткері Санжар Жандосовтың жұбайы - Ильфа Ильясқызы Жандосова-Жансүгірова қайтыс болды", - деп жазды Жанар. 

Көзінің тірісінде марқұм 1999 жылы Ілияс Жансүгіров пен Фатима Ғабитованың шығармаларын зерттеуге, жариялауға және аударуға, мұрағаттық жұмыстарға, мектептер мен мұражайларға көмектесетін Ілияс Жансүгіровтің қоғамдық қорын құрып, басқарған. 

Ильфа Жансүгірова “Менің тағдырымдағы із" атты естеліктер кітабінің авторы. 

Сондай-ақ, ол Қазақстанның азаматтық қозғалысын белсенді қолдаған тұлға болған.