Ильхам Әлиев: Ұшақ апаты үшін кінәлілер жауап береді
Әзербайжан президенті Ақтауда апатқа ұшыраған «Embraer 190» жолаушылар ұшағы экипажының қаза болған мүшелерінің отбасымен және аман қалған бортсеріктермен кездесіп, жаңа мәлімдеме жасады, - деп хабарлайды Kazface.kz.
Ильхам Әлиев осы апатқа байланысты Ресейді айыптап, әділдікті талап етті.
Бұл туралы Әзербайжан президентінің баспасөз қызметі хабарлаған.
«Әзербайжан азаматтарының апатқа ұшырап, қаза болуына Ресей Федерациясының өкілдері кінәлі деп сенімді түрде айта аламын. Біз әділдікті талап етеміз. Кінәлілердің жауапқа тартылуын талап етеміз. Ашық әрі адами әрекетті талап етеміз. Ресей федерациясының бұл оқиғаны жасырып, түрлі нұсқаларды тарату әрекеттері ашу тудырады», – деді Әлиев.
Ол қазір қара жәшіктің зерделеніп жатқанын атап өтті.
«Жақын арада біз алдын ала қорытындыны білетін боламыз. Сонда бәрі өз орнына келеді. Апаттың жай-жапсары белгілі болады. Бұл қайғылы оқиғаны толық тергеп-тексеруде және кінәлілерді жауапқа тартуда маңызды сәт», – деді Әлиев.
Мұның алдында Ресей президенті Владимир Путин ұшақтың Ресей аспанында зақынданғаны үшін кешірім сұраған болатын.
Еске салсақ, 2024 жылдың 25 желтоқсанында Қазақстанның Ақтау қаласына жақын жерде азербайджандық «Azerbaijan Airlines» әуе компаниясының Embraer 190AR ұшағы апатқа ұшырады. Бұл оқиға халықаралық қауымдастықта үлкен дау туғызып, көптеген елдерде тергеу басталды. Ұшақ Баку мен Грозный арасында рейс орындап, Грозныйға жақындаған сәтте, шұғыл түрде Ақтауға бағытталған. Осы ұшақ апатында 67 адам болған, оның ішінде 38 адам қаза тапты, ал 29 адам тірі қалды.
Бұл апат бойынша тергеу жұмысы әлі күнге дейін жүргізілуде. Нақты шешім шағырылмады.