Facebook әлеуметтік желісінің атауы өзгереді
Facebook компаниясының негізін салушылардың бірі Марк Цукерберг компания атауын өзгертпек. Алайда өзгертілген атауы қандай болатыны құпия.
Компания бас директоры Марк Цукерберг бұл туралы жыл сайынғы Connect конференциясында 28 қазанда хабарлауды жоспарлап отыр.
The Verge мәліметінше, атаудың өзгеруі технологиялық ірі қызметтің өрісінің кеңейтуді меңзейді. Facebook-тың атауы тек әлеуметтік желілермен ғана байланысты болмайтындай мақсатты көздеген.
Ребрендинг Facebook әлеуметтік желісін Instagram, WhatsApp, Oculus және басқа да бірнеше компанияларды басқаратын ірі өнімдерінің бірі ретінде өзін ұсыну үшін жасалып отырған сыңайлы.
Facebook-те өнімдерді жасаумен айналысатын 10 мыңнан астам қызметкер жұмыс істейді. Олардың ішінде виртуалды шындық көзілдірігі де жасалып жатыр. Цукербергтің пікірінше, бұлар алдағы уақытта смартфондар сияқты қарапайым қолданыстағы дүниеге айналады.
Шілдеде ол келесі бірнеше жыл ішінде компания атауы әлеуметтік желі ретінде емес, "метаәлем" ретінде қабылдана бастайтынын айтқан.