Дулат Исабеков өмірден өтті

Әйгерім ШАЯХМЕТОВА
Белгілі жазушы, драматург, ҚР Мемлекеттік сыйлығының лауреаты Дулат Исабеков 82 жастан асқан шағында өмірден өтті. Қаралы хабарды Жазушылар одағы төрағасының орынбасары ақын Қасымхан Бегманов хабарлады, деп жазды kazface.kz.
«Қайран, Дулат ағам - ай, мынау жарық дүниеден Сіздің де кеткеніңіз бе? Осы қазір ғана, он - он бес минут бұрын Естияр Дулатұлы інішегім маған осынау алапат қайғылы хабарды жылап тұрып жеткізді…», – деп жазды Қасымхан Бегманов әлеуметтік желіде.
Дулат Исабеков - 1942 жылы 20 желтоқсанда Оңтүстік Қазақстан облысы Арыс ауданы «Ленин жолы» ауылында туған. 1963 жылы әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік университетін бітірген. Содан бері мемлекетті бұқаралық ақпарат құралдарында түрлі лауазымдарда қызмет атқарған.
1963 жылы «Жолда» атты алғашқы әңгiмесi Қазақстан жазушыларының «Замандастар» деген әңгiмелер жинағына ендi. Оның «Гауһар тас», «Дермене», «Перi мен Перiште», «Тiршiлiк», «Өкпек жолаушы», «Бiз соғысты көрген жоқпыз», «Қарғын»(роман, 1980) т.б. кітаптары шыққан.
Ол қазақ сахнасы тарихында өзіндік орны бар 26-ға жуық пьесаның авторы. Оның шығармалары мен пьесалары БҰҰ-ның 6 тіліне аударылған.
Қаламгер «Достық», «Құрмет» орденiнің иегері және Қазақстанның Құрметті жазушысы.