Әлем жаңалықтары
8-го июля 2022 г. 08:02
Нарада баяндама жасап тұрған Жапонияның бұрынғы премьер-министрі Синдзо Абэге белгісіз біреу оқ атты. Ол ауруханаға жеткізілді, деп хабарлайды KazFace.kz.
РБК желілік басылымының жазуынша, NHK телеарнасының тілшісі оқ атылған дыбысқа ұқсас дыбысты естіген, содан кейін саясаткер есінен танып қалған.
Синдзо Абэ 2006-2007 және 2012-2020 жылдар аралығында премьер-министр қызметін атқарды. Сол кезеңде ол Жапонияның Либералдық-демократиялық партиясының төрағасы болды.
Шабуыл жасаған күдікті қамауға алынды. Оның саясаткерді неліктен атпақ болғаны әлі белгісіз.